15.06.2009, 16:14 1416

"Павлодар Базис" директорын өлтіруге әрекет жасауға, алдын-ала жорамал бойынша, екі компанияның жетекшілерінің арасындағы қаржылық дау себеп болған

"Павлодар Базис" директорын өлтіруге әрекет жасауға, алдын-ала жорамал бойынша, екі компанияның жетекшілерінің арасындағы қаржылық дау себеп болған

Павлодар. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Павлодар Базис" директорын өлтіруге әрекет жасауға, полицияның алдын-ала жорамалы бойынша, екі компанияның жетекшілерінің арасындағы қаржылық дау себеп болған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

""Павлодар Базис" ЖШС директорын өлтіруге әрекет жасау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 96-шы бабының 1-ші, 24-ші бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал "Жолқұдық Павлодар" кәсіпорнының 60 жастағы директорын бұлтартпау амалы таңдалу үстінде. Алдын-ала жорамал бойынша, бұл оқиғаға екі компанияның жетекшілерінің арасындағы қаржылық дау себеп болған.

ІІД ақпаратына сәйкес, "Павлодар Базис" ЖШС директорының жұмыс бөлмесінде жарылыс болғаны туралы хабар келе сала қылмыс орнына департамент басшылығы барған.

"Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы "РГП-5" гранатасы жарылғанын анықтады. Жарылыс салдарынан екі жетекші де түрлі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жатқызылды. Қазіргі жағдаймен оларға операция жасалды, олардың жағдайы тұрақты", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар қаласында "Павлодар Базис" ЖШС-нің 42 жастағы директоры жұмыс бөлмесінде болған жарылыстың салдарынан көп жерінен жарықшақтардан жарақаттанып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "14 маусымда сағат 19.15-те "Павлодар Базис" ЖШС-нің күзетшісінен Транспортная көшесіндегі 4-ші үйдің екінші қабатында орналасқан осы ЖШС директорының жұмыс бөлмесінде жарылыс болғаны туралы телефон хабары келіп түскен. Павлодар ІІБ қызметкерлері оқиға орнына келіп, "Жолқұдық Павлодар" кәсіпорнының 60 жастағы директорын ұстады, ол "Павлодар Базис" ЖШС директорының жұмыс бөлмесіне жарылғыш зат алып келгенін мойындады.

ТЖД ақпаратына сәйкес, жарылыс салдарынан "Павлодар Базис" ЖШС директоры мен "Жолқұдық Павлодар" кәсіпорнының директоры дене жарақатын алды. Оларға "қол-аяғы мен ішінен көп жерінен жарықшақтардан жарақаттанған" деген диагноз қойылып, облыстық ауруханаға жатқызылды.

"Ғимарат пен оған жақын аумақ тексеріліп, жарылғыш заттың бөлшектері алынды. Сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны