03.10.2011, 17:10 3203

Павлодар - Қызылорда тасжолында болған көлік апатының салдарынан бес адам мерт болды

2-қазан күні Павлодар облысында "Мерседес" жүк көлігі мен "Фольксваген" жеңіл автокөлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тапқан

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Павлодар - Қызылорда тасжолында болған көлік апатының салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2-қазан күні Павлодар облысында "Мерседес" жүк көлігі мен "Фольксваген" жеңіл автокөлігінің соқтығысуы салдарынан 5 адам қаза тапқан. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖМ мәліметтері бойынша, көлік апаты кешкі сағат 19.50-де Ақсу ауданы маңында "Павлодар-Қызылорда" автожолының 48-ші шақырымында орын алған. Апат салдарынан "Фольксваген" отқа оранды.

"ЖКОсалдарынан "Фольксваген" жүргізушісі 1954 жылы туған Нысамбеков О. мен оның 4 жолаушысы (аты-жөні әлі анықталған жоқ) оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны