26.07.2016, 18:56 9796

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ қызметкерлері төрт баланы суға кетуден құтқарып қалды

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағыныӊ қызметкерлері төрт баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ТЖД.

Павлодар. 26 шілде. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдыӊ 25 шілдесі күні сағат түскі бір шамасында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағыныӊ қызметкерлері төрт баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ТЖД.

Павлодар қаласында Усолка шағын ауданыныӊ құтқарушылары 2006, 2007 жылы туған төрт баланы судан шығарып алды. Екеуі шектеу белгісі қойылған аймақтан асып жүзіп кеткен, ал қалған екеуі оларды құтқармақшы болып тырысқан, нәтижесінде төртеуіне де көмек қажет болды. Құтқару жасақ қызметкерлері Носков Александр, Доценко Артем және Токтасов Саид жедел іс-әрекеті арқасында балалар қатерден құтқарылды.

Зардап шегушілерге медициналық көмек қажет болмады, профилактикалық жұмыс жүргізілгеннен кейін балалар үйлеріне жіберілді.

Атап өтетін жайт, бұл жағдай біржолғы емес, ұқсас жағдай тамыз айында былтырғы жылмен салыстырғанда жиі орын алады, сондықтан балалар лагері маусымы жабылса да, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастырады. Және де олар демалыс орынадары ретінде, қауіпсіздік шараларын ескерместен жақын маӊдағы су қойымаларын таӊдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны