15.03.2007, 18:42 2991

Павлодар облысында 100 мың АҚШ долларының заңсыз әкетілуінің жолы кесілді

ПАВЛОДАР. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Павлодар облысында 100 мың АҚШ долларының заңсыз әкетілуінің жолы кесілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының шекара отряды хабарлады.

Шекарашылардың ақпараттарына сүйенсек, Ресей Федерациясының Жаңасібір облысының шекарасында, "Қосақ" өткізу бекетінде Екібастұздан Жаңасібірге "Лексус" көлігімен бет алған Қазақстанның үш азаматы құрықталды.

Ұсталғандардың заттарын қарау барысында 100 мың АҚШ доллары сомасындағы ақша табылған.

"Ұсталғандардың барлығы: күйеуі, әйелі және олардың жақын туысы - ақшаны декларацияда көрсету керек екендігі туралы білмегендіктерімен сендіріп бағуда. Бірақ, біздіңше олар біздің қызметкерлер ақшаны тауып алады, деп ойламаған",- деп хабарлады Павлодар облысының шекара отряды бастығының орынбасары Юрий Чидунчи.

Оның айтуынша, қазір ұсталған үшеу мен валюта Павлодар облысының кеден бақылау департаментіне жеткізілген.

Павлодарлық шекарашылардың ақпараттарына сүйенсек, бұл 2007 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстаннан Ресейге заңсыз ақша әкетпек болғаны үшін ұсталған жетінші жағдай. Шекарашылар барлығы 141 400 АҚШ долларын, 201 000 ресей рублін және 100 евро тапқан. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курс бағамы бойынша жалпы сома 18 млн 596 мың теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны