16.10.2009, 10:45 1469

Павлодар облысында 3 мың гектардан астам аумақта өрт шығып, 250 тонна пішен өртеніп кетті

Павлодар облысында 3 мың гектардан астам аумақта өрт шығып, 250 тонна пішен өртеніп кетті

Астана. 16 қазан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 3 мың гектардан астам аумақта өрт шығып, 250 тонна пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысының Екібастұз ауданының Қарасу ауылдық округінде екі шаруа қожалығының аумағында сағат 16.02-де 3100 гектар аумақта дала массиві мен шабындықта өрт шығып, 250 тонна пішен жанып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 9 адамының күшімен 23 сағат 40 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны