02.10.2009, 10:07 2941

Павлодар облысында 400 тоннадан аса пішенді өрт жалмады

Павлодар облысында 400 тоннадан аса пішенді өрт жалмады

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 400 тоннадан аса пішенді өрт жалмады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысының Ақсу ауданы Омаров ауылдық округінде Ақсу қаласынан 40 шақырым жерде 1 қазанда сағат 14.08-де 80 гектар аумақта өрт шығып, 60 тоннадай пішен жанып кетті.

Сондай-ақ, Екібастұз ауданының Солнечный кентінде "Надежда" шаруа қожалығында 1 мың шаршы метр аумақта 360 тоннадай шөп жанып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны