18.05.2011, 16:13 3461

Павлодар облысында 7 адам хлормен уланып қалды

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Павлодардың маңында бес бала мен 19 жастағы қыз хлормен улану салдарынан ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы Павлодар облысытық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 18 - мамыр. Kazakhstan Today - Павлодар облысында 7 адам хлормен уланып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Павлодардың маңында бес бала мен 19 жастағы қыз хлормен улану салдарынан ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы Павлодар облысытық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлаған.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүенсек, 17 мамыр сағат 20.00 Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне Павлодардың маңы - Жаңауыл ауылында хлоры бар баллонның сөгілгені туралы қоңырау түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар шықты, олар хлор бұлтты тез арада жойған. ТЖ нәтижесінде алдын ала мәліметтерге сәйкес, алты адам зардап шекті, олар қалалық ауруханаға жатқызылды. 19 жасар қыздың жағдайы нашар, ал бес бала жеңіл және орташа дәрежедегі улану алған.

"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, баллонның сөгілуі ауыл тұрғынының оны ерітпек болған кезінде орын алған", - ТЖД хабарлады.

Оқиға орнында департаменттің анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеуде, олар төтенше жағдайдың нақты себептерін анықтауда.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оқиғаға кінәлі түрлі-түсті металл жинаумен айналысқандар көрінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны