27.12.2007, 20:08 3005

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан қалааралық жол бағыттары жабылуы мүмкін

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан қалааралық жол бағыттары жабылуы мүмкін

Павлодар. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытша қалааралық жол бағыттарын жабу жөнінде мәселе қарастырылуда. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Облыста қалараалық жолдарды уақытша жабу жөнінде мәселе талқылануда. Изірге көліктердің шығуына тек бір бағытта ғана тыйым салынған. Ауа- райының бұзылуына орай Павлодар-Семей трассасы жабылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

"Павлодар маңында облыс орталығынан Ленинск поселкесіне қарай жүрген бір автобус жолдан шығып кюветке түскен. Онда 70 жолаушы отырған. Тұра осыған ұқсас оқиға Қалқаман - Павлодар бағытында орын алды. Онда 45 адам болды. Екі оқиғада да ешкім зардап шеккен жоқ ", - деді облыстық ТЖ департаментінде.

Департаменттің ақпараты бойынша, жедел елеу қызметімен қар құрсауынан 1400 адам шығарылды. "Біз жолда тұрып қалмасын деп, қала сыртындағы жолмен кетіп бара жатқан 5-6 көлікті коланнаға жинаймыз. Бүгінде облыстық жолдарын 377 бірлік техника тазалауда ", - деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, ауа-райының күрт суық болуына орай, 4 адам түрлі үсік алған. Қалалық №1 күйік бөлімінің меңгерушісі Марат Қанжағалин айтқанында, 22 жасар бір жігіт автобус аялдамасында тұрып қалып, аяқтың саусақтарын үсітіп алған. Басқалардың қол саусақтары үсіген.

Гидрометеорологиялық орталық хабарлағанындай, бүгінде облыс бойынша қар жауып, боран соғуда. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жерге барады. Кейбір көлік жолдарында көру мүмкіндігі 200 метрге дейін азаяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны