22.03.2011, 12:55 4710

Павлодар облысында белгісіз біреулер жол үстінде экспедиторларды тонап кетті

Павлодар облысында белгісіз біреулер жол үстінде экспедиторларды тонап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар. 22 - наурыз. Kazakhstan Today - Павлодар облысында белгісіз біреулер жол үстінде экспедиторларды тонап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Аймақтық полицияның баспасөз қызметінің бастығы Баян Мағзумованың хабарлауынша, қарақшылар 600 000 мың теңгені қолды қылған. Макарон тасымалдаумен айналысқан "Сұлтан-ПВ" ЖШС қызметкерлері ГАЗ-53 көліктерінің дөңгелектері жарылып, соны ауыстыру үшін жол үстінде тоқтап тұрғанда болған белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасаған.

"Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің айтуынша, қылмыскерлер екі адам болған. Олардың көліктерінің қандай маркалы болғандығын дала қараңғы болғандықтан байқап үлгермеген",- деп түсіндірді ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны