31.08.2006, 10:48 6843

Павлодар облысында бір аудандық газеттің бас редакторы жол апатынан зардап шекті

ПАВЛОДАР. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодар облысында бір аудандық газеттің бас редакторы жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты сәрсенбі күні кешке Ленинский кенті - Курчатов тас жолының 89-шақырымында болды. Май аудандық "Шамшырақ" газетінің бас редакторы, 35 жастағы Ерсін Жұмаділов "ВАЗ-2106" маркалы автокөлігінің тізгініне ие бола алмай аударып алған. Апаттан журналист басынан жарақаттанып, қос бұғанасын сындырып алды.

Апат кезінде көлікте оның ұлы болған. "Алты жасар ұл жарақат салдарынан оқиға орнында опат болды",- деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны