31.08.2006, 12:57 7459

Павлодар облысында екі ер адам құлдықтан босатылды

ПАВЛОДАР. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодар облысының құқық қорғау мекемелері екі ер адамды құлдықтан босатты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҰҚКД-нен хабарлағанындай, 26-тамыз, сенбіде Павлодардың 42 жастағы тұрғыны шағымдана келген. Ол осыдан 3,5 ай бұрын өзін Баянауыл ауданының Қапал кентіне алдап апарып, заңсыз қамауда ұстап, құлдыққа салғанын хабарлаған. Бірнеше күн бұрын ол қашып құтылыпты. Қамзин ауылында құлдықта болған тағы бір адаммен бірге ол жолай көлікке отырып Павлодарға жеткен. Жәбірленушінің айтуынша, Қапал ауылында тағы да екі еркек онымен бірге құлдықта болған. Осы ақпаратты алғаннан кейін шұғыл тергеу тобы құрылып, оқиға орнына барды, деп хабарлайды құқық қорғаушылар.

Оперативтік қызметкерлер бір мал шаруашылығынан шынында да екі еркекті тапқан. Олардың біреуі - 52 жастағы Қарағанды тұрғыны қүрт ауруымен ауырады екен. Құлдықтағы адамдар мал баққан, оларға еңбекақы төленбеген. Бұрынғы қүлдықтағы адамдардың мәліметіне сәйкес, 400 бас ұсақ мал мен 80 бас ірі қара малы бар бұл шаруашылық бірде-бір мемлекеттік мекемеде тіркелмеген. Шаруашылық қожайыны салық төлемеген, дейді оперативтік қызметкерлер.

Фермада басыбайлы адамдардың болғанын сол төңіректегілердің бәрі, тіпті ауылдық округтің әкіміне дейін білген. Осы дерек бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны