19.09.2007, 15:56 2864

Павлодар облысында екінші тәулік бойы дала өртеніп жатыр

Павлодар облысында екінші тәулік бойы дала өртеніп жатыр.

Павлодар. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында өрт сөндірушілер екінші тәулік бойы даладағы өртті ауыздықтай алмай отыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне мемлекеттік өрт сөндіру қызметі департаментінен хабарлады.

Өрт сөндірушілердің ақпараттарына сүйенсек, өрттің шығу туралы дабыл кеше кешке 21.09 түскен. Өрт Майқайың ауылынан шамамен 20-30 шақырым жерде шыққан. Қазір тілсіз жау Ақсу ауданына қарай жылжып барады. "Өртпен күресуге үш өрт сөндіру көлігі жіберілген, оған қоса Майқайың аулының тұрғындарының өздері де көмектесуде",- деп атап өтті Өрт сөндіру қызметі департаментіндегілер.

Өрт сөндіру қызметінің баспасөз ортылығының ақпараттарына сүйенсек, өртпен күресуге құрғақшылық пен күшті жел кедергі келтіріп отыр.

Соңғы екі тәулікте облыста 20-ға жуық жазық дала мен орман өрті болған. "Жуықта Ақсу қаласының маңындағы Құркөл аулының маңында, сондай-ақ Усолка өзенінің жағалауында өрт шыққан, Екібастұз ауданында тағы бір өрт кеше сөндірілді",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Барлығы, Өрт сөндіру қызметі департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, өрт шығу маусымынан бері Павлодар облысында 35 жазық дала өрті және 65 орман өрті тіркелген. Тілсіз жау 20 мың гектардан астам жазық пен 811 гектар қарағайлы алаңды жалмаған.

Өрт сөндіру қызметі департаментінің бұйрығы бойынша, орман-жазық өрттеріне жедел әрекет ету үшін аймақта төрт арнаулы мобильдік топ құрылған. Өрт сөндіру қызметі департаментіндегілер, күн райы бұзылып, желдің басталуына орай өрт сөндіру қызметі Ертіс орманы" мемлекеттік табиғат резерваты мен Ертіс жағасындағы бірегей жайылма орманға аса назар аударып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны