30.11.2009, 11:07 2698

Павлодар облысында қатқаққа байланысты Екібастұз-Қарағанды тас жолындағы қозғалыс шектелді

Павлодар облысында қатқаққа байланысты Екібастұз-Қарағанды тас жолындағы қозғалыс шектелді

Павлодар. 30 қараша. Kazakhstan Today - Павлодар облысында қатқаққа байланысты Екібастұз-Қарағанды тас жолындағы қозғалыс шектелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "29 қарашада сағат 18.43-те Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен сағат 18.00-ден бастап Павлодар облысы бағытындағы жолаушылар транспорты үшін жолдағы қатқаққа байланысты қозғалыстың жабылғаны туралы ақпарат келіп түсті".

"Облыстық ІІД мен Жол полициясы басқармасымен келісу арқылы "Қазақавтодор" РМК сағат 19.00-ден бастап Екібастұз-Қарағанды бағытында жолаушылар транспорты үшін қозғалысты жабу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлайды ТЖД.

Күн райының қолайсыз ахуалына байланысты облыс жолдарында болған оқыс оқиғалар туралы ақпар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны