17.09.2007, 19:09 3012

Павлодар облысында көлік велосипедшілерді соғып кету салдарынан бір адам қайтыс болды

Павлодар облысында көлік велосипедшілерді соғып кету салдарынан бір адам қайтыс болды.

Павлодар. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында көлік бір отбасының екі велосипедшісін соғып кету салдарынан 31 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болып, оның күйеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Павлодар облысының ішкі істер департаментінен хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, апат бүгін Омск - Майқапшағай тас жолының 324-шақырымында, Қашыр ауылының маңында болған. "Екі велосипедші велосипедпен келе жатқанда, оларға "Ауди-100" маркалы көлік соғылған. Апат салдарынан 31 жастағы әйел оқиға болған жерде қайтыс болып, оң қолы сынып, әртүрлі жарақаттар мен миы қозғалған оның күйеуі Қашыр аудандық орталық ауруханасына жеткізілді",- деп хабарлады Ішкі істер департаментінен.

Қашыр АІІО кезекші жедел бөлімінің ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта медицина қызметкерлері 30 жастағы еркектің ахуалын тұрақты ауыр деп бағалауда.

Сонымен қатар, Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл соңғы күндердегі облыс аумағында адам өліміне әкеп соқтырған үшінші жол-көлік оқиғасы. Сенбіде Баянауыл - Қарағанды тасжолының 2-ші шақырымында "Тойота-Карина" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік жодың жиегіне құлаған болатын. Оқиға салдарынан 50 жастағы жүргізуші мен оның 46 жастағы жолаушысы апат орнында қайтыс болған. Тағы бір жолаушы, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университеттің 20 жастағы студенті омыртқасының сынуы, кеуде клеткасының жарақаттауы, басынан жарақаттану жөніндегі диагнозбен Баянауыл аудандық орталық ауруханасына жеткізілген болатын.

Дәл осы күні, Ішкі істер департаментінің хабарлауынша, Павлодар - Семей тасжолында Кенжекөл аулының маңында "ВАЗ-21099" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып кеткен. 29 жастағы жігіт жарақаттар салдарынан оқиға болған жерде көз жұмған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны