23.02.2007, 18:12 2901

Павлодар облысында күн райының күрт нашарлауына байланысты көлік жолдары қайтадан жабылды

ПАВЛОДАР. 23-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында күн райының күрт нашарлауына байланысты көлік жолдары қайтадан жабылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

"Синоптиктер күн райының қайтадан күрт бұзылатындығы туралы ескертуді үш күн бұрын хабарлаған, дегенмен біз жол жабудың қажеттілігі туындамас деп үміттенгенбіз",- деп атап өтті Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті төрағасының орынбасары Игорь Филонов. Сонымен қатар, ол аймақтың барлық көлік жолдарын жабу туралы шешімді облыстық ішкі істер департаменті мен жол полициясы басқармасы бірлесіп шығарғандығын айтты.

"Біз, әрине аймақ аудандары мен көршілес облыстарының арасындағы көлік қатынасының бір аптада екі рет тоқтатылуының қандай шығын әкелетіндігін түсінеміз, бірақ, жүздеген адамның өміріне қауіп төндіруге біз жол бере алмаймыз",- деді И. Филонов.

Бұрын хабарлағанымыздай, аптаның басында Павлодар облысында көлік қатынасының тоқтатылуы туралы жарияланған болатын. Аймақтың көлік қозғалысының күретамырлары өз жұмысын барлық бағыттар бойынша қалыпты режимде тек 22-ақпанда ғана бастаған. Енді Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары республикалық маңызды жолдарға шығудың қауіпсіздігі қашан қамтамасыз етілетіндігін айтпай отыр.

"Бүгінде мен барлық бағыттар бойынша жолдардың нақты қашан ашылатындығын айта алмаймын, бізде синоптиктердің болжамы бар, біз тіптен, жолдардың күн райына байланысты бір апта бойы жабылып қалуы мүмкін екендігін де жоққа шығармаймыз",- деді И. Филонов.

Қазіргі уақытта, төтенше жағдайлар департаментінің мамандарының қабылдаған шешімі туралы барлық қызметтерге хабарланған. Облыс қалаларының шыға берісте жол полициясының қызметкерлері кезекшілік етуде. Жолдарды қардан тазалауға бірнеше ондаған техникалар жұмылдырылған.

Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар гидрометеорология орталығынан хабарлағандай, боран мен ақ бұрқақ циклоны Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі аймақтарынан келген.

Синоптиктердің болжамдары бойынша, жақын арадағы күндерде аймақта температура төмендеп, жел жылдамдығы бәсеңдейді және аздаған қар түседі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны