15.01.2009, 11:52 1742

Павлодар облысында құтқарушылар қар қамаудан алты адамды шығарды

Павлодар облысында құтқарушылар қар қамаудан алты адамды шығарды

Павлодар. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында құтқарушылар қар қамаудан алты адамды шығарды. Жедел құтқару отрядының Қазақстан Бүгін тілшісіне хабарлауынша, шақыру 051 кезекші пультіне кеше сағат 19:55-те келген.

Оқиға орнына жіберілген алты адам ол жерден екі трактор мен КамАЗ және ЗИЛ-130 көліктерін тапты. Тағы бір УАЗ көлігі аударылып қалған. Сөйтіп, құтқару шарасының арқасында қар қамаудан алты адам шығарылды. Адамдар далада бес сағатқа жуық болғанымен, бір қуанарлығыешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды құтқарушылар.

Қазіргі жағдаймен Павлодар облысында күн райы қалпына келді. Барлық жерлерде жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысы шектелген. Атап айтсақ, Төтенше жағдайлар басқармасының оперативтік кезекшісінің ақпаратына сәйкес, Екібастұз - Шідерті, Екібастұз - Қарағанды, Екібастұз - Астана бағыттарындағы жолдар жабық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны