04.05.2007, 10:02 3204

Павлодар облысында орман өрті шоғырландырылды

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. Павлодар облысында орман өрті шоғырландырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетейік, өрт 2-мамырда "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватындағы Садықащы орман шаруашылығы аумағында шыққан. Өрт шамамен 1500 гектар аумақты, соның ішінде 900 гектар орманды, 200 гектар өсімдікті, 100 гектар көтеріңкі аумақты шарпыған. Елдімекендерге қатер төнген жоқ. Алайда, Садықащы ауылынан 51 адам, соның ішінде 37 бала Шалдай ауылының интернатына көшіріліп орналастырылды.

Сонымен бірге министрлік ақпаратына сәйкес, өртті сөндіру барысында Ботабас шатқалынан жанып кеткен "ГАЗ-3308" маркалы қосалқы өрт сөндіруші автокөлік пен Шалдай орман шаруашылығының өрт-химиялық станциясының екі қызметкерінің мәйіті табылды.

3-мамырдағы 15 сағаттағы жағдаймен өрттің нақтыланған алаңы 900 гектарды құрады, соның ішінде 410 гектар орманды, 100 гектар көтеріңкі аумақты құрады. Өрт аумағын қоршай үш қатар қазба жұмыстары жүргізілді.

Өрт 3-мамыр күні 17 сағат 10 минутта шоғырландырылды. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен 26 адамы, "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватының 5 техникасы мен 70 адамы, РФ Алтай аймағының 6 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны