05.09.2006, 10:11 2424

Павлодар облысында ормандағы өртті сөндірген кезде жанып кеткен автокөліктен үш адамның мәйіті табылды, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодар облысында ормандағы өртті сөндірген кезде жанып кеткен жеңіл автокөліктен үш адамның мәйіті табылды, тағы бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Лебяжы ауданында "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерватының Бесқарай филиалында 4-қыркүйекте 12 сағат 30 минутта 450 гектар аумақты шарпыған орман өрті шықты. 18 сағат 30 минутта "Ертіс орманы" мекемесіне қарасты "УАЗ" жеңіл автокөлігін жанып жатқан жерінен сөндірген кезде үш адамның мәйіті табылды, тағы бір адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.

20 сағат 30 минуттағы жағдаймен өрт сөндірілді. Өртті сөндіруге 128 адам мен 27 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 28 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны