05.12.2008, 10:16 1676

Павлодар облысында орта мектептің жеті оқушысы баллондағы газды шашып жіберу салдарынан ауруханаға жатқызылды

Павлодар облысында орта мектептің жеті оқушысы баллондағы газды шашып жіберу салдарынан ауруханаға жатқызылды

Астана. 5 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында орта мектептің жеті оқушысы баллондағы газды шашып жіберу салдарынан ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 4 желтоқсанда сағат 11.30-да Павлодар облысының Ақсу қаласында №6 орта мектеп ғимаратының 4 қабатындағы дәлізінде белгісіз газ баллонындағы газды шашу оқиғасы болған. Соның салдарынан 7 оқушы белгісіз заттан уланып, орташа жағдайда ауруханаға жатқызылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқушылар мен мұғалімдерді сыртқа шығару қажеттігі болған жоқ. Желдетуден кейін мектептегі сабақ одан әрі жалғасты. Кінәлі адам анықталған жоқ, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны