10.09.2010, 12:59 3005

Павлодар облысында өткен тәулікте 16 мың гектар жер жалын құшағында қалды

Павлодар облысында өткен тәулікте 16 мың гектар жер жалын құшағында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысында өткен тәулікте 16 мың гектар жер жалын құшағында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өрт 8-қыркүйек күні сағат 10.08 Құндыкөл және Қаратомар ауылдық округтерінде шығып, 40 гектар аумақты шарпыса, Құрқұлын ауылдық округінде шыққан өрт 15 мың гектар аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, дәл осы күні сағат 17.45 Кеңес ауылдық округінде өрт шығып, 1200 гектар алқап пен 95 гектар орманды шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды құрықтауға ҚР ТЖМ облыстық департаментінің қызметкерлері мен Мемлекеттік орман және жануарлар әлемі басқармасының қызметкерлері жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны