31.08.2010, 12:40 7118

Павлодар облысында саяжайда шыққан өрттен үш адам мерт болды

Павлодар облысында саяжайда шыққан өрттен үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 31 - тамыз. Kazakhstan Today - Павлодар облысында саяжайда шыққан өрттен үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның ТЖМ хабарлауынша, кеше тамыздың 30-ы күні түнде, Павлодар ауданы Қарағайлы ауылдық округінде орналасқан саяжайлардың бірінде өрт болып, ол 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар өрт сөндіру барысында жастары анықталмаған үш азаматтың денелерін тапқан.

Өрт облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 2 техниканың күшімен 4 сағатқа жуық уақыттан кейін сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны