20.09.2010, 13:13 3181

Павлодар облысында шыққан өрт 6 мың гектар алқапты шарпыды

Павлодар облысында шыққан өрт 6 мың гектар алқапты шарпыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 20 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысында шыққан өрт 6 мың гектар алқапты шарпыды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ мәліметтеріне сүйенсек, өрт қыркүйектің 18-і күні сағат 17.31 Баянауыл ауданы, Қаратомар ауылдық округінде швққан. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкері мен 1 техникасы, Қаратомар ауылдық округінің 30 адамы мен 2 техникасы, сондай-ақ жергілікті 10 тұрғын жұмылдырылып, қыркүйектің 19-ы күні түнгі сағат 2.30 өшірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны