26.02.2007, 18:41 2855

Павлодар облысында Тәжікстаннан Ресейге героин тасымалдайтын транзиттік арна жойылды

ПАВЛОДАР. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Тәжікстаннан Ресейге героин тасымалдайтын жолдардың бірін жойды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінен хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінен хабарлағандай, облыс аумағында ауыр есірткінің ірі партиясын тасымалдайтын арна әрекет еткен.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, Павлодар вокзалында Ресейдің 20 жастағы азаматы құрықталған. Одан тінту барысында 5 кг 175 грамм героин тәркіленді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, "осы есірткі партиясын тасымалдауды бақылауға қатысты іс-шаралар жүзеге асырылып, қажетті дәлелдер жеткілікті болған кезде есірткі сатушы құрықталды", деп түсіндірді.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері есірткінің осы партиясын Қазақстанның шекарасынан өткен сәттен бері аңдып, оның Ресей аумағына өтуінің жолын кескен. "Енді тек ұсталған азамат сатып алушы ма, әлде есірткі сатушы ма дегенді нақтылау ғана қалды",- деп хабарлады Павлодар облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел қызметкерлері.

Қазіргі уақытта, ұсталған Ресей азаматы уақытша тергеу абақтысына қамалып, оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша (Есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау және сату) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны