09.10.2009, 09:42 1452

Павлодар облысында теміржолда болған апаттың салдарынан жеті пойыздың қозғалысы бөгелді - ТЖМ

Павлодар облысында теміржолда болған апаттың салдарынан жеті пойыздың қозғалысы бөгелді - ТЖМ

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында теміржолда болған апаттың салдарынан жеті пойыздың қозғалысы бөгелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Екібастұз ауданының Шідерті кентіндегі "Шідерті" теміржол бекетінде болған. Кеше теміржол өткелінде сағат 12.39-да №1646 жүк составының электровозы мен шөп тиеген сүйретпесі бар "Т-40" тракторы соқтығысты.

ТЖМ мәләметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, теміржолға ақау келген жоқ.

Апат салдарынан Ерейментау - Екібастұз бағытындағы №1646 пойыздың қозғалысы 2 сағат 50 минутқа, №1648 пойыз - 58 минутқа, №2942 пойыз - 1 сағатқа; Екібастұз - Ерейментау бағытындағы №2001 пойыз - 1 сағат 51 минутқа, №2055 - 1 сағат 55 минутқа, №2103 - 1 сағат 52 минутқа, №1045 - 1 сағат 45 минутқа бөгелді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сағат 14.35-те пойыздардың қозғалысы толық жанданды. Оқыс оқиғаны жоюға Шідерті станциясының 14 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны