08.08.2006, 14:49 2941

Павлодар облысында жанармай құю станциясына жасалған тонаушылық оқиғасының салдарынан кассир әйел қаза тапты

ПАВЛОДАР. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодар облысында жанармай құю станциясына жасалған тонаушылық оқиғасының салдарынан кассир әйел қаза тапты. Бұл туралы облыстық ІІД қылмыстық полициясы басқармасының бөлім бастығы Руслан Шұңғылов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қоластында істейтін қызметкердің мәйітін "Барсуковская" жанармай тарату бекетінің қожайыны түнгі қаржыны алып қайту үшін келген сәтте таңертеңгісін тауып алған",- деді Р.Шұңғылов. Оның айтуынша, бекет қызметкерін әлдебіреулер басы мен кеудесінен атып өлтірген. Кассадан түнгі түсім - 18 мың теңге жоғалған.

Полиция қызметкерлері күдікті ретінде Шарбақты ауылының 24 жастағы тұрғынын ұстады. Ол тонаушылығы мен ұрлық жасағаны үшін талай мәрте сотталған.

Р.Шұңғыловтың айтуынша, тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен 12-ші калибрлі шолақ қосауыз мылтықты тапты. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, тұтқын қылмысын мойындаған.

Қазір күдікті уақытша тергеу қапасында отыр. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің қасақана кісі өлтіру жөніндегі 96-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соған сәйкес 6-15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны