25.04.2013, 16:50 4916

Павлодар облысында жедел жәрдем жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Павлодардан 40 шақырым жерде орын алған жол апатынан жедел жәрдем көлігінің 53 жастағы жүргізушісі қаза тауып, фельдшер жарақат алды. хабарлады.

Павлодар. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Павлодар облысында жедел жәрдем жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Павлодардан 40 шақырым жерде орын алған жол апатынан жедел жәрдем көлігінің 53 жастағы жүргізушісі қаза тауып, фельдшер жарақат алды. хабарлады.

Полицейлердің ақпаратына қарағанда, түнгі сағат бірдің шамасында Павлодар қаласынан 40 шақырым жерде "Вольво" жүк көлігін басқарған ОҚО тұрғыны жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан.

"Жедел жәрдем көлігі науқасты Павлодардан Өспен аудандық ауруханасына апарып қайтып келе жатқанда жол апатына ұшыраған. Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші сол жерде қаза тапты, фельдшер жарақат алып, ауруханаға жеткізілді",-деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы А.Мұсабекова.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жол апаты "Вольво" жүргізушінің жол ережесін бұзуы себеп болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны