15.02.2010, 12:35 1300

Павлодар облысында жылдың басынан бері 32 автокөлік өртенді, бір жүргізуші қаза тапты

Павлодар облысында жылдың басынан бері 32 автокөлік өртенді, бір жүргізуші қаза тапты

Павлодар. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Павлодар облысында жылдың басынан бері 32 автокөлік өртенді, бір жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today мемлекеттік өртке қарсы қызметі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өңірде автокөліктердің өртену оқиғалары жиілеп кетті. Мәселен, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бері 32 өрт шыққан, және барлық жағдайда да көліктер толық жанып кетті", - деп хабарлайды өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Данияр Иманқұлов. Оның айтуынша, "әр жағдайда да өрттің шығуына сарышұнақ аяз себеп болған".

"Төменгі температура жағдайында автокөліктердің электр сымдарында қысқаша тұйықталулар саны көбеюде, сонымен бірге кейбір жүргізушілер көліктерін дәнекерлеуші шамдармен қыздыруға талпынған", - деп хабарлайды өрт сөндірушілер.

Екібастұзда болған бір оқиғада "Ланд Крузер" көлігінің жүргізушісі көліктен шығып үлгермей, оқиға орнында жан тапсырған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, соңғы автокөлік өртену оқиғасы өткен жұмада тіркелді.

"Сағат 12.24-те мемлекеттік өртке қарсы қызметі басқармасының кезекші бөліміне Бекхожин көшесінде жолдың үстінде тұрған "Ауди С4" көлігі өртенген. Көліктің салоны, дөңгелектері мен жанармай багы жанды. Сол күні Екібастұзда қалалық шіркеудің жанына таяу жерде "Фольксваген" көлігі өртенген. Екі оқиғада да жүргізушілер зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге ГПС-600 қондырғылары қолданылды", - деп хабарлайды мекеме.

Қазір өңірде күн аздап жылынды. Демалыс күндері күндік ауаның температурасы минус 10 - минус 15 градусқа дейін көтерілді, дейді ауа райын болжаушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны