08.11.2011, 09:22 2963

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі жеткіншектің біреуінің денесі табылды

Павлодар облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен екі жасөспірімнің бірінің денесі су бөгенінен табылды.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Павлодар облысында жоғалып кеткен екі жеткіншектің біреуінің денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен екі жасөспірімнің бірінің денесі су бөгенінен табылды.

Естеріңізге сала кетсек, 1997 жылы туған бозбалалар Павлодар облысы Ақсу кентіне қарасты Үштерек ауылында жоғалды. Жарты сағаттан кейін 40-45 адамнан құралған жергілікті тұрғындар суға батып кеткен олардың бірінің мәйітін су бөгенінен тапты.

Екінші жеткіншектің денесін іздестіру жұмыстарын бүгін, таңертең ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жалғастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны