10.08.2009, 09:29 1423

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Алматы. 10 тамыз. Kazakhstan Today - Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Павлодар облысының Успенский ауданы Лозовое кентінде Павлодар - Қарасу тас жолының 150-ші шақырымында 9 тамызда сағат 13.30-да "Мерседес" жүргізушісі көлігін аударып алды.

Жол апатының салдарынан 40 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны