31.10.2007, 17:47 6344

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, апаттың шығуына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, апаттың шығуына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті.

Павлодар. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, апаттың шығуына кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жол апаты кеше кешке Павлодар - Екібастұз тас жолының 78-ші шақырымында болған. Белгісіз ер адам айдаған "Ниссан-Максима" көлігі үлкен жылдамдықпен келіп "Ауди-80" көлігімен соқтығысқан.

"Соққының қатты болғаны соншалық, "Ауди-80" көлігінде отырған екібастұздық ерлі-зайыпты қариялар бірден жан тапсырған", - деп хабарлайды жол полициясы. Ал апатқа кінәлі "Ниссан-Максима" жүргізушісі оқиғадан кейін екінші көліктің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетпестен оқиға орнынан қашып кеткен. Апат дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынанкісі өліміне апарып соқтыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиицяның хабарлауынша, апат туралы хабар келген соң облыс аумағында "Перехват" жоспары жарияланды. "Апатқа күдіктінің кім екені анықталды, қазір оны ұстауға шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды ІІД.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны