05.09.2006, 09:31 2715

Павлодар облысында жол апатынан екі полиция қызметкері қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді

ПАВЛОДАР. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодар облысында жол апатынан екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы екі құқық қорғаушы ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігі тілшісіне облыстық ІІД хабарлады.

Баспасөз қызметінің берген мәліметіне қарағанда, жол апаты жексенбі 3 тамыз күні 2 сағат 15 минутта Ленинский- Көктөбе елді мекеніндегі тас жолдың 78 шағырымында болған.

Жол полициясының тергеушілері жүргізген тексеруден кейін анықталғандай қақтығыс "Фольксваген" автокөлігі жүргізушісінің кінәсінен болған. "35 жастағы ер азамат тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Салдарынан қатты келе жатқан "Фольксваген" Ақсу қаласының арнайы қорғаныс қызметкерлері мінген "Мазда" машинасымен соқтығысқан",- деп хабарлайды облыстық ІІД.

Жол апатынан 1979 және 1981 жылғы екі полиция қызметкері көптеген жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. "Мазда" автокөлігінің екі жолаушысы , оларда арнайы қорғаныс басқармасының қызметкерлері, ауыр жарақаттармен Май орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Фольксваген" автокөлігінің екі жолаушысына да медициналық көмек көрсетілді. 1985 және 1988 жылғы қыздардың бас сүйектері зақымданып, миы шайқалған. Қазіргі кезде Май орталық аудандық ауруханасында жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны