03.07.2008, 18:03 2790

Павлодар облысындағы авиабомбаның жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Павлодар облысындағы авиабомбаның жарылысынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Павлодар. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін түнде Екібастұз қаласының орталық ауруханасының жан сақтау бөлімінде Павлодар облысындағы авиабомба жарылысы кезінде зардап шеккен үш адамның біреуі қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне клиниканың бас дәрігері Ибиқас Құсайынов хабарлады.

Дәрігерлердің мәліметтеріне сүйенсек, 35 жастағы ер адам денесінің қатты күйгенінен түнгі сағат 3.40-та жан тапсырған. "Қалғандарының жағдайы әлі ауыр қалпында. Олардың денелері мен тыныс жолдары қатты күйген", - деді И. Құсайынов. Дәрігерлер ешқандай болжам жасамай отыр. Олардың айтуынша, зардап шеккендер мұндай жағдайда қабылданатын барлық емдеу кешенін алып жатыр. Аурухана дәрі-дәрмекпен және құрал-жабдықтармен толығымен жабдықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны