30.09.2010, 16:33 6089

Павлодар облысындағы электр желісінің қысқа тұйықталына өрт себеп болған - мемлекеттік комиссия

Павлодар облысында жоғары кернеулі желілердің істен шығуына өрт себеп болған. Мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің комиссиясы жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі KEGOC баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 30 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Павлодар облысында жоғары кернеулі желілердің істен шығуына өрт себеп болған. Мұндай қорытындыны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің комиссиясы жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі KEGOC баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қыркүйектің 8-інде Павлодар облысында болған өрт кезінде "KEGOC" акционерлік қоғамының жоғары кернеулі желілерінің істен шығу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті комиссиясының қорытындысы шықты. Комиссия әзірлеген акт бойынша, қысқа тұйықталуға электр желісіне жол бойынан жеткен өрттің себеп болғаны расталды,- деп айтылған KEGOC-тың баспасөз баянында.

"Электр желісі (500 кВ-тық "ЕЭК - Рубцовск" ЖЖ мен 1150 кВ-тық "Екібастұз 1150 - Алтай" ЖЖ) жоғары температураның нәтижесінде әуе кеңістігіндегі электр тығыздығының төмендеуінен (иондалуы), ауаға түтін мен өрт ұшқындарының тарауы салдарынан істен шыққан. Электр желісін пайдалану ережесінің бұзылуы факті тіркелмеген",- деп атап көрсетілген хабарламада.

Жүргізілген тексеру, қыркүйектің 8-інде алдымен Павлодар облысының Шарбақты ауданында өрт шығып, соның салдарынан электр желісі істен шықты деген "KEGOC" АҚ хабарын растады.

"Арнайы комиссияның қорытындысы осы жағдайға орай БАҚ беттерінде "Ертіс орманы" мекемесінің өкілдері таратқан орман алқабының өртке шалынуына "KEGOC" АҚ қатысты екендігі туралы негізсіз мәліметтерді жоққа шығарды",- деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны