14.02.2012, 11:02 3750

Павлодар облысындағы ғибадатханада шыққан өрт тек 12 сағаттан кейін ғана өшірілді

"13 ақпан күні сағат 04.35 Павлодар облысы Константиновка ауылында бір қабатты ғибадатхана ғимаратында өрт шықты", - деп айтылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Павлодар облысындағы ғибадатханада шыққан өрт тек 12 сағаттан кейін ғана өшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"13 ақпан күні сағат 04.35 Павлодар облысы Константиновка ауылында бір қабатты ғибадатхана ғимаратында өрт шықты", - деп айтылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Өрт сағат 06.40 ауыздықталып, тек сағат 16.45 ғана сөндіру мүмкін болған.

Өрт сөндіруге Константиновка ауылдық округі ДПФ 5 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.

Жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны