15.07.2008, 10:36 2921

Павлодар және Алматы облыстарында орман және дала өрттері шықты

Павлодар және Алматы облыстарында орман және дала өрттері шықты

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар және Алматы облыстарында орман және дала өрттері шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 14 шілдеде 15 сағат 47 минутта "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты мемлекеттік мекемесінің Бесқарағай филиалының Майқарағай орман шаруашылығы аумағында орман өртенді. 15 шілдедегі сағат 6.00-дағы жағдаймен өрттің аумағы алдын ала мәлімет бойынша 500 гектар орман мен 200 гектар даланы құрады. Өртті жоюға 75 адам мен 40 арнаулы техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге, 14 шілдеде 12 сағат 55 минутта Алмалы шатқалында (Алматы облысы) 500-600 гектар аумақта дала өрті шықты. Өртті ауыздықтауға 156 адам, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 3 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны