18.01.2010, 11:34 1654

Павлодарда аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Павлодарда аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Павлодар. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодарда аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыстық гидрометеорология орталығына сілтеме жасай отырып, қалалық білім басқармасының хабарлауынша, бүгін таңертеңгі сағат 07.00-дегі жағдаймен аймақта ауаның температурасы 39 градус аязға дейін төмендеген. "Соған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 11 сыныптар аралығында, сондай-ақ, колледждер мен лицейлерде бірінші курс студенттері үшін сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды. Қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары Тамара Иванованың хабарлауынша, 2010 жылдың басынан бері өңірде күн райының қолайсыздығына байланысты осымен міне 5-ші рет, ал жалпы жыл басынан бері 13 рет сабақ тоқтатылып отыр.

Павлодарда 49 мектеп бар, оларда 32 мыңнан астам бала оқиды.

ТЖМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кешегі сағат 21.40-тан бастап Павлодар облысында жол қозғалысы жабылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны