12.09.2006, 11:12 2993

Павлодарда әкелі-балалы екеу өзін-өзі өлтірсе, отбасының анасы "сірке суынан улану" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды

ПАВЛОДАР. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодарда әкелі-балалы екеу өзін-өзі өлтірсе, отбасының анасы "сірке суынан улану" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға дүйсенбі күні таңертең қала орталығындағы бір көп қабатты үйде болған. 56 жастағы отағасы сірке суын ішіп, күре тамырын кесіп жіберген. Ер адам сол жерде тіл тартпай кетті. Пәтерден сондай-ақ жедел жәрдем дәрігерлері 20 жастағы ұлды тапты. Ол да өз тамырын өзі қиып жіберген екен. Жігітке алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Алайда, үш сағаттан кейін ол қансырау салдарынан қаза тапты. 50 жастағы әйелге "сірке суынан улану" деген диагноз қойылды. Полицияның ақпаратына сәйкес, оның өміріне қазір қауіп төніп тұрған жоқ.

Павлодар полициясының Оңтүстік бөлімі аудандық ІІБ-нан хабарлағанындай, пәтерден табылған хатта өмірін қиюға бел буған жандар бұл оқиғаға ешкімді кіналамауды сұрапты. "Біз тағдырдың соққысына төзе алмадық",- делінген хатта.

Тәртіп сақшылары бір отбасын түгелдей өлімге итермелеген себеп - қыркүйектің басында жігіттің жол апатына ұшырауы әсер еткен болар деп санайды. Павлодардағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің студенті орындықта отырған үш курстасын кездейсоқ соғып кеткен болатын. Қыздар ауруханаға жатқызылған. Олардың біреуі қазір әл үстінде. Полицияның хабарлауынша, отбасының отағасы діндар адам болған және мешітке тұрақты барып тұрған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны