29.08.2006, 13:51 2824

Павлодарда алаяқтығы үшін күдікті деп танылып 10 жыл бойы іздеуде жүрген бір әйел қолға түсті

ПАВЛОДАР. 29-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодарда алаяқтығы үшін күдікті деп танылып 10 жыл бойы іздеуде жүрген бір әйел қолға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар ішкі істер департаменті оңтүстік бөлімінің басшысы Талғат Арынов хабарлады.

Оның айтуынша, күдіктіге Алматы қаласы Иуезов аудандық ішкі істер бөлімі 1995-жылдың қаңтар айында іздеу жариялаған. Тұтқынның ағасы басқарған "Қазақстан" атты фирмада жұмыс істеп жүрген кезде әйел Германиядағы бір ірі банктен 10 млн. доллар көлеміндегі несиені заңсыз алып кеткен. Ақшаны алу үшін әйел қитұрқы тәсілмен Қазақстан Ұлттық банкінің кепілдігіне ие болған, деп хабарлайды полиция. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, несие автокөліктерді сатып алуға арналыпты. Алайда, ақшаны алған әйел ізін жасырып кеткен.

Алаяқ әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 10 жылдан кейін Павлодарда ұсталды. Полицияның хабарлауынша, әйел басқа атпен жасырынып жүрген. Сонымен бірге күдікті Павлодар облысындағы бір ауылдан өзінен айнымайтын адамды тауып алыпты. "Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл ақпарат бойынша күдікті болуға тиіс жерге келген кезде оның орнына әлгі мекен-жайдан іздеудегі әйелге өте ұқсас бір әйелді тапқан",- дейді Т.Арынов.

Ийел әкімшілік қызметкері болып істеп жүрген жерінен Павлодардағы бір мейрамханада ұсталды. Тұтқынға қатысты іс қылмыс жасалған жер - Алматы қаласында тексеріледі. Күдікті осыған байланысты жуырда Алматыға жіберілмекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны