10.02.2010, 16:25 3399

Павлодарда банк ғимаратының жанында газ баллонының жарылуы салдарынан екі автокөлік өртеніп, бір адам қатты күйікке шалдықты

Павлодарда банк ғимаратының жанында газ баллонының жарылуы салдарынан екі автокөлік өртеніп, бір адам қатты күйікке шалдықты

Павлодар. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Павлодарда банк ғимаратының жанында газ баллонының жарылуы салдарынан екі автокөлік өртеніп, бір адам қатты күйікке шалдықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға бүгін сағат 11.25-те болған. "Қазір анықталып жатқандай, газ баллонының жарылысы Еуразиялық банктің ғимаратынан 10 метр жерде автотұрақта болған. 50-литрлік газды ыдыс "Фольксваген" шағын автобусының ішінде болған. Көлік бірден жанып, жалын жақын тұрған БМВ көлігіне қарай ден қойған, - деді өрт сөндіру қызметінің баспасөз хатшысы Данияр Иманқұлов, оның айтуынша, "соның салдарынан бір адам күйікке шалдықты".

"45 жас шамасындағы БМВ көлігінің жүргізушісі бірінші қалалық ауруханаға "І-ІІ дәрежелі күйік" деген диагнозбен жатқызылды. Ол қатты ауру сезінгенімен, қазір есін жинаған", - деп хабарлайды өртке қарсы күрес қызметі.

Д. Иманқұловтың айтуынша, қазір оқыс оқиға орнында өртке қарсы күрес қызметінің анықтаушы мамандары жұмыс істеп жатыр, олар болған оқиғаның нақты себебін анықтайды.

"Бір себеп - аяз. Көлік қыздыруға қойған кезде оның электр сымдарында қысқаша тұйықталу болуы әбден ықтимал", - деді Д. Иманқұлов.

Өртті сөндіруге №1 арнаулы өрт сөндіру бөлімшесінің екі өрт сөндірушілер тобы қатысты.

"Оқыс оқиға орнына жақын болғанына қарамастан, банк ғимараты мен сол маңайдағы үйлер зардап шеккен жоқ", - дейді өрт сөндірушілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны