08.12.2011, 14:47 3507

Павлодарда бірқатар нысандар ауыз сусыз қалды

Қазіргі уақытта ауыз су 3 су тасығыш машинамен жеткізілуде. 11 сағаттан кейін су екінші құбырмен беріле бастады. Жөндеу жұмыстары бүгін жалғастырылады. Төтенше жағдайды жоюмен "Павлодар-Су арнасы" АҚ-ның 7 адамы мен 2 техникасынан құралған апатты қызметі айналысуда.

Астана. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодарда бірқатар нысандар ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодар қаласында жерасты су құбырының зақымдануы салдарынан Бейбітшілік және Торайғыров көшелеріндегі 932 абонент, сондай-ақ №18 балабақша мен пошта ғимараты ауыз сусыз қалды.

Қазіргі уақытта ауыз су 3 су тасығыш машинамен жеткізілуде. 11 сағаттан кейін су екінші құбырмен беріле бастады. Жөндеу жұмыстары бүгін жалғастырылады. Төтенше жағдайды жоюмен "Павлодар-Су арнасы" АҚ-ның 7 адамы мен 2 техникасынан құралған апатты қызметі айналысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны