09.06.2011, 14:38 3257

Павлодарда болған ірі көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауына, Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген адамның кінәсінан "БМВ-520" мен ДЭУ "Нексия" автокөліктері соқтығысып үш адам қайтыс болды, олардың арасында біреуі 8-жастағы сәби, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА-гіне Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар. 9 - маусым. Kazakhstan Today - Павлодарда болған ірі көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауына, Павлодарда мас күйінде көлік жүргізген адамның кінәсінан "БМВ-520" мен ДЭУ "Нексия" автокөліктері соқтығысып үш адам қайтыс болды, олардың арасында біреуі 8-жастағы сәби, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА-гіне Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы сәрсенбі күні кешкі сағат тоғыз шамаларында Ресей көшесінде болған. Нәтижесінде ДЭУ "Нексия" автокөілігінің жүргізушісі 1950 жылы туылған кісі және оның екі жолаушысы 1956 жылғы әйел кісі мен 2003- жылы туылған қызы "жедел-жәрдем" келмес бұрын көз жұмған.

ЖКО кінәлі 30-жастағы "БМВ" автокөлігінің жүргізушісі ішіп алып мас күйінде көлік жүргізген, өзі және оның екі жолаушысы - 26 мен 33 жастағы ер кісілер түрлі жарақаттар алған", - деп хабарлаған агенттікке.

Оның айтуынша, "дәрігерлік көмек көрсетілгеннен соң бірге болған жолаушылар үйлеріне жіберілген, ал жүргізуші - апатқа себепші кінәлі - қамауға алынған. Адам өлімі бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны