27.06.2016, 09:42 7776

Павлодарда бүгін 37 мыӊнан астам тұрғынға электр энергиясы берілді

Павлодарда кеше ауа райыныӊ салдарынан жарықсыз қалған 37544 тұрғынныӊ пәтерлеріне бүгін элекр энергиясы берілді

Павлодар. 27 маусым. Kazakhstan Today - Павлодарда кеше ауа райыныӊ салдарынан жарықсыз қалған 37544 тұрғынныӊ пәтерлеріне бүгін элекр энергиясы берілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ-ныӊ баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, апат орнында болған "ПРЭК" АҚ-ныӊ өндірістік-жөндеу бригадасы мен облыс әкімініӊ бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов, барлық басқармалардыӊ өкілдері жедел электр жарығын қосуға атсалысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, Циолковский көшесі, 151 мекенжайы бойындағы Шығыс өндірістік аумақтыӊ бірнеше кәсіпорынныӊ 1200 шаршы метр төбесі ұшып кеткен. Сондай-ақ 110 кВ электр беретін құрылғылардыӊ екі шыӊжырлы желісі мен үш фазаныӊ зақымдануы қаланыӊ орталық, шығыс бөлігі мен шығыс өндірістік аймағын электр қуатымен қамтамасыз ететін қосалқы станциялардыӊ істен шығуына әкелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны