10.07.2007, 18:35 2945

Павлодарда дауылдан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды

ПАВЛОДАР. 10-шілде. Kazakhstan Today. Павлодарда өткен демалыс күндері болған дауылдан бір адам қаза тауып, біреуі жараланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстық ІІД ақпаратына сәйкес, сенбі күні кешке "Второй Павлодар" ауданында 45 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Шұғыл тергеу тобы оны электр жалғастыру желісінің үзілуі салдарынан тоқ соқанын анықтады. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, жігіт өз үйінен бірнеше метр жерде қаза тапқан.

Сонымен бірге облыстық балалар ауруханасында үш күннен бері облыс орталығындағы бір мектептің оқушысы жатыр. Жетінші сынып оқушысы емдеу мекемесіне басынан жараланып, бірнеше жері сынған күйде жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.

Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жай үйлер орналасқан аумаққа дауыл келген кезде азық-түлік алуға дүкенге бара жатқанын анықтады. "Бала бөтелке қабылдауға арналған металл контейнердің артына жасырынған, алайда, қатты дауыл контейнерді дәл баланың үстіне аударып жіберген", - дейді тәртіп сақшылары.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, дауыл салдарынан Павлодарда көптеген электр жалғастыру желілері үзіліп, ағаштар түбірімен жұлынған. Қазіргі жағдаймен, департаменттің ақпаратына сәйкес, дауылдың залал-зардаптары жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны