17.10.2006, 14:21 3230

Павлодарда екі жалған ақша жасаушы ұсталды

ПАВЛОДАР. 17 қазан. Kazakhstan Today. Павлодарда жалған ақша жасаумен айналысып жүрген екі адам ұсталды, деп хабарлайды Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмыстармен және жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

"Жедел ақпарат бойынша 25 және 29 жастағы екі жігіт қолға түсті, олар жалған ақша жасаумен айналысқан",-деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Жасырын баспахана жалға алынған пәтерде орнатылған. Жалған ақша жасаушылар ақшаны түрлі-түсті принтермен басып шығарған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандардан тәркіленген қағаз ақшалардың бәрінде бірдей банк нөмірі көрсетілген және жоғары сапалы қағаздан жасалыпты. "Табылған жалған ақшалардың сапасы өте жоғары, оны бір қарағанда шын ақшадан ажырату қиын",-деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Қолға түскендердің үстінен ҚР ҚК "Алдын ала келісім бойынша топтың жалған ақша жасауы" жөніндегі 206- бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде тергеушілер жалған ақша жасаушылардың қанша ақшаны айналымға жіберіп үлгергенін тексеруде.

Экономикалық қылмыс және жемқорлықпен күрес департаментінің мәліметтеріне сәйкес, Павлодар облысында тоғыз ай ішінде жалған ақша жасауға қатысты 21 дерек анықталған, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,5 есе көп. "Көбінесе қылмыскерлер 200,500, 2000 және 5000 купюраларды қолдан жасап шығарады, бір мәрте қолдан жасалған он мыңдық купюра анықталғаны бар",-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны