15.10.2007, 16:50 2979

Павлодарда "КамАЗ" жолаушылар автобусына соғылды, жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді

Павлодарда "КамАЗ" жолаушылар автобусына соғылды, жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Павлодар. 15-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда "КамАЗ" жолаушылар автобусына соғылды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Павлодар облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар облысының ішкі істер департаментінің ақпараттарына сүйенсек, 13-қазанда облыс орталығының өнеркәсіптік аймағында битум тасымалдайтын цистерналы "КамАЗ" маркалы жүк көлігі "Павлодар - Набережное аулы" бағытында жүріп бара жақан "Вольво" автобусына соғылған. Жүк көлігі автобустан кейін трамвай желісінің тіреуіне соғылған.

"Жол көлік апатының салдарынан автобустың арты түгелдей бүлінген, "КамАЗ" көлігі қайта қалпына келтіруге жарамайды. Қалааралық рейс жүргізушісінің шеберлігі жолаушыларды айтарлықтай жарақат алудан сақтап қалды",- деп мәлім етті агентік тілшісіне берген сұхбатында аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

Жол полицейлерінің айтуынша, 40 жолаушының көбісі тек болымсыз жарақаттар алып, қорқып қалған. Ал жедел құтқару отрядының мамандары жүк көлігінің жүргізушісін көліктің ішінен шығарып алу үшін арнайы құралдар қолданған. Облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны ауыр жарақаттар алып, Павлодардың 1-ші қалалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның ахуалын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

"Алғашқы мәліметтерге сүйенсек, жол көлік оқиғасына жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі. Тек қалааралық бағытта қатынайтын автобус жүргізушісінің сәтті әрекеті апат салдарын жеңілдетіп отыр, әйтпегенде оқиғаның зардабы бұдан да ауыр болар еді",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны