30.11.2009, 11:16 3310

Павлодарда Қазақстанның танымал фотосуретшісі өлтірілді

Павлодарда Қазақстанның танымал фотосуретшісі өлтірілді

Павлодар. 30 қараша. Kazakhstan Today - Павлодарда Қазақстанның танымал фотосуретшісі Едіге Ниязовты өлтіріп кетті. Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен бүгін хабарлағанындай, белгісіз біреулер оны пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Полиция ақпаратына сәйкес, 69 жастағы фотосуретшінің мәйіті жексенбі, 29 қараша күні өз үйінен табылған.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды ІІД.

"Қарақшылық шабуыл іздері табылған жоқ, үйдің қожайыны келгендерге есікті өзі ашқанға ұқсайды", - деп хабарлайды полициядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны