21.12.2009, 14:14 2725

Павлодарда қазақ-түрік лицейіндегі өрт салдарынан 300-ден астам адам сыртқа шығарылды

Павлодарда қазақ-түрік лицейіндегі өрт салдарынан 300-ден астам адам сыртқа шығарылды

Павлодар. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодарда қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицейіндегі өрт салдарынан 300-ден астам адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасына сілтеме жасап.

Мекеменің мәліметінше, өрт бүгін сағат 10.30 шамасында болған. "Бізге ғимаратты қою түтін тұмшалады деген хабар келді. Оқу орнында осы уақытта сабақ болып жатқанын және балалар зардап шегуі мүмкін екендігін ескеріп, өртке екінші күрделілік дәрежесі берілді", - деп хабарлайды басқармадағылар.

Өртті сөндіруге 10 техника жұмылдырылды. Оқушылар мен лицей қызметкерлерінен ешкім зардап шеккен жоқ. Ғимараттан 270 бала мен 33 қызметкер сыртқа шығарылды.

Өрт ошағы жертөледе болған, жиһаз бен сөрелер өртенген.

"Өрт 6 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт кезінде қою түтін тұмшалады. Өрт 20 минутта шоғырландырылды. Қазір оқиға орнында анықтау қызметінің мамандары жұмыс істеуде. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, өртке қысқаша тұйықталу немесе отпен абайсыз қарым-қатынас себеп болған", - деп хабарлайды басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны