25.01.2007, 17:03 3117

Павлодарда қылмыскерлер әрекетінен Италияның тағы бір азаматы зардап шекті

ПАВЛОДАР. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодарда қылмыскерлер әрекетінен Италияның тағы бір азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Павлодар полициясының Солтүстік бөлімінің хабарлауынша, оларға шағымдана келген 60 жастағы Италия азаматы қаладағы бір кафенің маңында үш тонаушы өзіне шабуыл жасап, екі ұялы телефонын, 300 АҚШ долларын, 30 мың теңге, швейцариялық қол сағатын және киім ілгіштің нөмірін тартып алғанын хабарлаған.

Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұзамай күдіктілердің бірі құрықталды. Ол "Кастинг" ЖШС-нің 24-жастағы жұмысшысы болып шықты. Ұсталған азаматтан Италия азаматына тиесілі сағат тәркіленді.

Бұл соңғы уақытта Павлодар қаласында уақытша тұратын, Италия азаматтарына жасалған заңға қайшы екінші оқиға. Кеше "Солтүстік" қонақ үйінің 62 жастағы италияндық тұрып жатқан номеріне ұрлық жасалған болатын. Шетелдіктен 450 евро және 550 евро тұратын электр ұстара ұрланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны