24.07.2008, 16:29 2699

Павлодарда қыздарға арналған пансионаттың қабырғасы құлауы салдарынан үш тәрбиеленуші зардап шекті

Павлодарда қыздарға арналған пансионаттың қабырғасы құлауы салдарынан үш тәрбиеленуші зардап шекті

Павлодар. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда қыздарға арналған "Мұрагер" атты пансионаттың қабырғасы құлауы салдарынан үш тәрбиеленуші зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің қабарлауынша, бұл оқиға бүгін түс әлетінде болған. Соның салдарынан үш қыз бала жарақаттанып, екеуі ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуінің жағдайы аса ауыр.

Қазір оқиға орнында ТЖМ мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеуде. Ресми органдар әзірге бұл оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны