24.07.2008, 18:06 6184

Павлодарда қыздарға арналған пансионаттың қабырғасы құлауы салдарынан үш тәрбиеленуші зардап шекті (толық нұсқасы)

Павлодарда қыздарға арналған пансионаттың қабырғасы құлауы салдарынан үш тәрбиеленуші зардап шекті (толық нұсқасы)

Павлодар. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда қыздарға арналған "Мұрагер" атты пансионаттың қабырғасы құлауы салдарынан үш тәрбиеленуші зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің қабарлауынша, бұл оқиға бүгін түс әлетінде болған. Соның салдарынан үш қыз бала жарақаттанып, екеуі ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуінің жағдайы аса ауыр.

Қазір оқиға орнында ТЖМ мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеуде. Ресми органдар әзірге бұл оқиғаға түсініктеме берген жоқ.

Павлодар облыстық ІІД-нің нақтылауынша, бұрынғы терезе қуысына қаланған кірпіштер құлаған. Оқыс оқиғадан Павлодардан келген 10 жасар қыз бен Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген екі 17 жасар қыз зардап шекті. Олар қалалық бірінші ауруханаға жатқызылды.

Бұл дерек бойынша шұғыл тергеу тобы құрылып, кірпішті жинаған құрылысшылардың аты-жөні анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны